Астанада инфекция ошағы ауыздықталды - Денсаулық сақтау министрі
АСТАНА. Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат /Айгүл Түлекбаева/ - Барлық қызметтердің үйлестірілген іс-қимылдарының арқасында, Астанада А/H1N1 тұмауының ошағы ауыздықталды,
деп мәлім етті Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев журналистерге берген сұхбатында.
«Бүгінде доңыз тұмауымен ауыру оқиғалары тіркелген алғашқы 6 адам карантиндік бақылаудан алынды. Оларқа қоса, тағы 7 адам біздің бақылауымызда қалды. Құдай сақтап, олардың аурулары жеңіл формада болып шыққан. Ешқайсысының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», деді ведомство басшысы өз сөзінде.