Астанада инфекциялық емес аурулардың алдын алу және олармен күресті жетілдіру бойынша Стратегиялық диалог өтеді

АСТАНА. 26 маусым. ҚазАқпарат - Ертең сағат 13.00-де Астана қаласындағы «King Hotel» мейманханасының конференц-залында (1 қабат) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі және

Астанада инфекциялық емес аурулардың алдын алу және олармен күресті жетілдіру бойынша Стратегиялық диалог өтеді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросы (ДДСҰЕӨБ) арасында 2012-2013 жылдарға жасалған Ынтымақтастық жөніндегі екіжылдық келісімді іске асыру шеңберінде инфекциялық емес аурулардың алдын алуын және олармен күресті жетілдіру мақсатында қоғамдық денсаулық сақтауды нығайту мәселелері бойынша Стратегиялық диалог өтеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Баспасөз-қызметі хабарлайды.

Жиында инфекциялық емес аурулармен күресті жетілдіруде қоғамдық денсаулық сақтау қызметін нығайту, бұл жұмысты жақсартуда халықаралық тәжірибені зерттеу, Қазақстанға  ДДСҰЕӨБ  тарапынан денсаулық сақтау қызметтерін рационалдау және модерлендіру арқылы  денсаулық сақтау қызметінің нәтижелерін одан әрі жақсартуда стратегиялық шешімдерді қабылдау үшін денсаулық сақтау қызметтерін өздігінен бағалауды жүргізуге көмек көрсету  мәселелері  талқыланады.

Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Молдова, Кырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Украина және Өзбекстаннан  келген қонақтар жаңа тәуелсіз мемлекеттерде (ЖТМ) инфекциялық емес аурулар, денсаулық сақтау жүйесі және қоғамдық денсаулық сақтау қызметі жөніндегі есептері ұсынылатын болады.