Астанада инновация саласындағы конкурстардың қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты өтеді

АСТАНА. 10  қараша. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні, 12 қарашада Астанада, РИА-жаңалықтар агенттігінің баспасөз залында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді. Бұл туралы «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Баспасөз мәслихатында инновация саласындағы екі конкурстың қорытындылары шығарылып, жеңімпаз жобалар жария етіледі. Сондай-ақ мәслихат барысында конкурс финалистері  өздерінің жобаларымен таныстырады, оларға дипломдар салтанатты жағдайда тапсырылмақ.

Бұл шараны ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ ұйымдастырғалы отыр.

 

Соңғы жаңалықтар