Астанада интернет арқылы құндыз тон сатқан алаяқ ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Криминалдық полиция қызметкерлері ғаламторда алаяқтық жасады деген күдікпен Тараз қаласының 23 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Астанада интернет арқылы құндыз тон сатқан алаяқ ұсталды

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 23 жастағы бойжеткен Инстаграм желісінде құндыз ішік пен тері тондар сататыыны жөнінде жалған парақша ашып, олардың бағасын өте төмен көрсетіп отырған. Сатып алушыларды тарту үшін құндыз ішіктердің әдемі суреттері мен жалған мекенжай көрсетілген сауда орталықтарының атауын жазған.

Кейін дауысын танып қоймауы үшін сатып алушылармен әңгімені тек Уатсап  мессендждері арқылы жүргізген.

Тауарды үйге дейін жеткізіп беретініне сендіріп, тауардың ақысын 100% көлемде Qiwi әмиянға аударуға көндірген.

«Жарнамаға сеніп қалғандар 100 мыңнан 300 мың теңгеге дейін соманы бойжеткеннің шотына аударған. Ақшаны алысымен ол телефон нөмірін бұғаттап, желідегі парақшасы мен ұялы телефонын өшіріп тастап отырған. Нәтижесінде ол жеті адамның 1,5 млн теңгесін иемденген. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 109-бабы 2 тармағына сәйкес (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.