Астанада инвесторларға 20-дан астам құрылысы аяқталмаған тұрғын үй кешендері көрсетілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада құрылысы аяқталмаған нысандар жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Астана прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Жәрмеңке осымен биылдың өзінде үшінші рет өткізіліп отыр. Оны қала прокуратурасының «Елордадағы қауіпсіздік және жайлылық» жобасын қолдау аясында қала әкімдігі ұйымдастырды. Жәрмеңкеде қала прокуратурасының ұсынымы бойынша мемлекетке берілген, бітпеген нысандардың құрылысын аяқтау үшін әлеуетті инвесторларды тарту бойынша жұмыстар жүріп жатыр.

Жәрмеңкеге 21 нысан қойылды, олар: Араби-2 ТК, Үміт-Береке ТК, Көктал-2 ТК, «Территория комфорта-1» ТК, Гранит-1 ТК, Гранит-2 ТК, Аниса-2 және 3 тұрғын үй кешендері, Зере-1 ТК, Зере-2 ТК, «Столичный-2» ТК, Абат ТК, Алға Тоқбұлақ ТК, Есіл-2 ТК, Арыс ТК, Рух ТК, Магистрал-3 ТК, Алтын Раид ТК, Баспана Көктал ТК, Жаңа Отан ТК, Арыстан ТК, Абайдың 150 жылдығы ТК.

Жәрмеңкеге 30-дан астам әлеуетті инвестор қатысты. Шара қорытындысы бойынша, инвесторлар мен қала тұрғын үй-құрылыс кооперативтерінің арасында 6 нысанның келісімшарты жасалды.

Соңғы жаңалықтар