Астанада Иран-Ғайыптың «Қорқыт» спектаклі қойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 тамыз күні Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясындағы Қызылорда облысының мәдени күндерінің салтанатты ашылуы Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры өнерпаздарының «Қорқыт» қойылымымен басталды.

Астанада Иран-Ғайыптың «Қорқыт» спектаклі қойылды

null

Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрындағы шараға  Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, Парламент депутаттары мен бір топ зиялы қауым өкілдері қатысты.

null  

Сыр елінің тарихы мен таным-тағылымын сипаттайтын барша Түркі әлемінің абызы - Қорқыттың өмірін сөз өнерінің асыл құдіретімен жеткізген қойылымның авторы жерлесіміз, ақын, драматург - Иран-Ғайып биыл 70 жасқа толып отыр. Осыған орай Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мерейтой иесін қуанышымен құттықтады.

null

Сепектакльдің режиссері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Әмір-Темір Хұсейін, суретшісі - Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері Серік Пірмахан.

null null null null

Дәл осы күні «Сыр шежіресі» атты қолөнер шеберлерінің және облыстың тарихы мен мәдениетіне арналған көрме ашылды.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында 10-14 тамыз күндері Қызылорда облысының мәдениет күндері өтуде.

null null null null null null null null