Астанада ірі базарды иелену үшін талас басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Екі елордалық кәсіпкер «Шарын» ірі көкөніс-жеміс базарының бас директоры лауазымын бөлісе алмай жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Өз серіктестерімен қарым-қатынастары туралы айту үшін үміткерлердің бірі ­- Әбдіғани Ескендіров журналистерді шақырған. Оның айтуынша, осы уақытқа дейін дауласу тек заң аясында жүріп отырған.

«Енді менің серіктесім - Мұратбек Ахматов мырза мен оның әпкесі Әлия Ахматова бүкіл Қазақстанға мені ғайбаттап жатыр. Олардың ойынша біз ұйымдасқан қылмыстық топ екенбіз және соттың шешімін орындамай жатқан көрінеміз», - деп бастады ол.

Сондай-ақ, ол дәлел ретінде «Шарын-ААА» ЖШС қатысушыларының кезекті жалпы жиналысындағы оның бас директор болып сайланғандығын растайтын құжатты ұсынды. Баспасөз мәслихатының ортасында залға екінші үміткер Мұратбек Ахматов кіріп келіп, журналистерге жиналыстағы дауыс беру нәтижесінің жарамсыз екендігі туралы сот шешімі бар қағазды көрсетіп, шығып кетті.

«Бастапқыда бұл базарды қолданысқа енгізе алмаған. Ахматов мырза бұл базарды жауып, ЖШС-ға тиесілі жер учаскесінің бір бөлігін алмақшы болған. Ол 2012 жылдың желтоқсанында жалпы жиналыста «Шарын» ЖШС-ны тарату туралы ұсыныс тастады. Алайда, жалпы жиналыс бұл шешімді мақұлдамады. Ал, Ескендіров мырза істі өз қолына алып, базарды пайдалануға берді», - деді заңгер, Ә.Ескендіровтің өкілі Жапақ Мыхаев.

Сондай-ақ, ол тараптардың меморандумға қол қойғанын атап өтті. Оған сәйкес, М.Ахматовтың өз үлесін сатудан бас тартқаны үшін А.Ескендіров оған 9 млн 250 мың теңгені үш жыл ішінде төлеген. Заңгердің айтуынша, Мұратбек Ахматов ақшаны алғаннан кейін бас директор лауазымын алу үшін науқан бастаған. Базарда жұмыс істейтіндерді өздерінің еңбек орындары мәселесі алаңдатуда. Бей-жай қарамайтындар ҚР Премьер-Министрінен орта және шағын кәсіпкерліктің мүддесін қорғауды сұраған. 

Соңғы жаңалықтар