Астанада ірі сауда орталығының алғашқы іргетасы қаланды

АСТАНА. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін Астанада ірі көтерме сауда орталығының алғашқы іргетасы қаланды,
None
None

  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Жобаның жалпы құны 15 млн. теңге, көлемі 11 мың шаршы метрді құрайды. Орталықтың іргетасын көтеруге елорда әкімінің орынбасары Тимур Жақсылықов пен Германия Федеративті Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Райнер Ойген Шлагетеер қатысты.

 Жобаны Германияның «Metro Cash & Carry» компаниясы жүзеге асыруда. Сауда орталығы қазан айында салынып бітеді деп болжануда. Ол тауарлардың 25 мыңнан астам атауларын ұсынатын болады. Олардың ішінде отандық өндірушілердің үлесі 90 пайызды құрамақ. Қазірдің өзінде компания еліміздің 35 өндірушілері мен жеткізушілерімен келісімге отырған.

 «Метро» сауда дүкендерінің желісі әлемнің 29 елінде орналасқан.

 «Бұл желі Астанадағы сауда инфрақұрылымын, жалпы сауда саласын жаңа сапалы деңгейге көтеретін болады. Қала күннен күнге өсіп келеді. Елордалықтардың азық-түлік және басқа да тауарларын тұтыну қарқыны да бәсеңсімек емес. Биылғы жылдың тек алғашқы жартысында тауарайналым 585 млрд. теңгені құрады», деді қала әкімінің орынбасары Т.Жақсылықов.

Соңғы жаңалықтар