Астанада «Ислам тарихы» мұражайы ашылды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен ҚМДБ діни басқармасы ғимаратынан «Қазақ даласындағы ислам тарихы» мұражайы ашылды.

Астанада «Ислам тарихы» мұражайы ашылды
Фото: ҚМДБ

Мұражайдың ашылу рәсіміне ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, зиялы қауым өкілдері, ҚМДБ Ғұламалар, Сарапшылар кеңесінің мүшелері қатысты.

Астанада «Ислам тарихы» мұражайы ашылды
Фото: ҚМДБ

 — Бүгін біз халқымыздың сан ғасырлық рухани мұрасын, имани құндылықтарын, тарихи жадымызды жаңғыртатын ерекше бір игі істің куәсі болып отырмыз. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында Ислам өркениетінің әр дәуірінен сыр шертетін, қасиетті жәдігерлер мен сирек қолжазбаларды бір арнаға тоғыстырған тарихи мұражайдың ашылуы ел руханияты үшін аса маңызды оқиға деп санаймын. Бұл мұражай тек өткеннің куәсі ғана емес, болашақ ұрпаққа бағыт-бағдар беретін тарихи тағылым орталығы болмақ. Мұнда қойылған әрбір жәдігер халқымыздың жүріп өткен жолының айғағы, әрбір қолжазба бабаларымыздың даналығы мен ілімінің көрінісі. Шын мәнінде, біздің тарихымыз Ислам дінімен біте қайнасқан. Соның айқын дәлелі — Қараханиттер мемлекеті дәуірінен бастау алатын рухани өрлеу кезеңі. Бұл кезеңде Ислам діні мемлекеттік деңгейде қабылданып, мешіттер мен медреселер салынып, ғылым мен білім дамыды. Осы дәуірден жеткен Құран қолжазбалары мен діни еңбектер — бүгінгі ұрпақ үшін баға жетпес қазына, — деді Бас мүфти.

Астанада «Ислам тарихы» мұражайы ашылды
Фото: ҚМДБ

Сондай-ақ, шара аясында Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры Төреәлі Қыдыр арнайы сөз сөйлеп жаңадан ашылған мұражайға құнды тарихи жәдігерлерді сыйға тартты.

Астанада «Ислам тарихы» мұражайы ашылды
Фото: ҚМДБ

Рухани-мәдени маңызды мұражайда қазақ жеріне ислам дінінің келуі, оның тарихи дамуы, ұлт руханиятымен сабақтастығы, қазақ даласынан шыққан ғұламалардың мұрасы, діни-ағартушылық бағыттағы құнды жәдігерлер мен тарихи деректер көпшілік назарына ұсынылды.

Бұған дейін биыл қазақстандық қажыларға қандай талаптар қойылатынын жаздық.

Иранда доллар бағамы тарихи максимумға жетті
Ұқсас жаңалықтар

Иранда доллар бағамы тарихи максимумға жетті