Астанада итальяндық хореографтың қойылымымен әйгілі «Эсмеральдо» балетінің премьерасы болады

АСТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат - 25 қарашада Астанадағы К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында В.Гюгоның «Париж Құдайанасының шіркеуі» романының желісі бойынша жазылған Ц.Пунидің әйгілі «Эсмеральдо» балетінің премьерасы болады. Балетті қойған итальяндық хореограф Антонио Канделоро.
None
None

Мәдениет министрлігі баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, қойылымның көркемдік жетекшісі - Гуидо Риччи (Италия), қоюшы дирижер - Айдар Абжаханов, бас балетмейстер - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Нұрқалиев, бас хормейстер - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов.

«Эсмеральдо» балетінің ең алғашқы қойылымын француз балетмейстері Жюль Перро 1844 жылғы 9 наурызда Лондонның Корольдік театрында сахналаған еді.

Соңғы жаңалықтар