Астанада Қ. Қуанышбаев атындағы театрдың ХХІI жаңа маусымы ашылады

АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры XXII жаңа маусымашарына орай 10 қазан күні сағат 14.00-де
None
None

Халық қаһарманы, профессор, 1999-2009 жылдар аралығында Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында көркемдік жетекшілік еткен Ә.Мәмбетовтің 80 жылдығына арналған «Режиссер тағылымы» атты дөңгелек үстел өткізеді. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлайды.

Жаңа маусымашар кешкі сағат 17.30-да  Ш.Айтматовтың шығармасы бойынша,  режиссер, қазақ өнерінің хас тұлғасы, халық қаһарманы Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетовтің режиссерлығымен қойылған «Ғасырдан да ұзақ күн» драмасымен ашылады.

«Биыл қазақ өнерінің хас тұлғасы, режиссер Ә.М. Мәмбетовтің 80 жылдық мерейтойы, өзі бақилық болса да, Қаллеки театры сахнасында қойып кеткен спектакльдері бүгінгі күнге дейін көрермен көз алдында ғұмыр кешіп келеді. Ұлы тұлғаның еңбектерін ұрпағына насихаттау, ұмыт қалдырмау мақсатында театр сахнасында суреткер шығармашылығындағы драматург М.Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясы мен Ш.Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн»драмалары сахналанып келеді» - делінген театр таратқан хабарламада.  

Өткен маусымда Қаллеки театры  Астана күніне орай Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқты» трагедиясының премьерасын өткізді. Аталмыш спектакль 16-24 қыркүйек аралығында Орал қаласында өткен Ә.Мәмбетовтің 80 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XX Республикалық фестиваліне қатысып, «Қадыр Мырзалиев атындағы» арнайы сыйлықты және Науан бейнесін сомдаған актер, ҚР халық артисі Тілектес Мейрамов «Ең үздік ер бейнесі» номинацияларын иеленіп қайтты.

Алдағы маусымда Театр ұжымы - Алматы, Қостанай қалаларында өтетін республикалық және Халықаралық фестивальдерге қатысып, бақ сынамақ. Сол сияқты қазақ театр өнерін әлемге таныту мақсатында күз айларында Түркия мемлекетіне гастрольдік қойылыммен барып қайтпақшы.

Театрдың қалыптасқан дәстүрі бойынша жаңа маусым қарсаңында Қаллеки театрының актерлары мен актрисалары - ЖОО, колледждер мен мектептердегі көрермендерімен көптеген кездесулер өткізуде.

Соңғы жаңалықтар