Астанада Қ. Мұхамедханов пен Ш. Айтматов көшелерінің қиылысы ішінара жабылады

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада Қ. Мұхамедханов пен Ш. Айтматов көшелерінің қиылысар тұста жол төсемін жөндеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

а
Фото: Алматы әуежайы

Осыған байланысты 26 тамыз күні аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі.

— Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, — деп ескертті ведомство.

Астанада Қ. Мұхамедханов пен Ш. Айтматов көшелерінің қиылысы ішінара жабылады
Фото: Астана әкімдігі

Бұдан бұрын елордада Шыңғыс Айтматов көшесінің бір бөлігі 29 тамызға дейін жабылатыны айтылды.