Астанада Қабанбай батыр даңғылы жабылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қабанбай батыр даңғылының  Достық көшесінен бастап Д.Қонаев көшесіне дейінгі аралығында орташа жөндеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Астанада Қабанбай батыр даңғылы жабылады

Қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліментінше, 26 қыркүйекте кешкі сағат 21:00-ден 27 қыркүйекте 07:00-ге дейін аталған учаскеде көлік қозғалысы жабылады.

Құрылысшылар қолайсыздыққа байланысты кешірім сұрай отырып, кептеліс тудырмау үшін қала тұрғындары мен қонақтарынан жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлап алуын сұрайды.