Астанада Қабанбай батыр даңғылының бөлігінде қозғалыс бір айға шектеледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігінде 5 қыркүйектен 10 қазанға дейін қозғалыс шектеледі. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында елордалық автомобиль жолдары басқармасының жетекшісі Сымбат Мырзағұлов мәлім етті.

Астанада Қабанбай батыр даңғылының бөлігінде қозғалыс бір айға шектеледі

«Автомобильдер жолдары басқармасы «Найза-Құрылыс» ЖШС бас мердігерімен бірлесе Қабанбай батыр даңғылының №26 көшеден бастап әуежайға қарай жол айрығына дейінгі учаскесінде қайта құру жобасын жүзеге асыру жүргізіліп жатыр. Бүгінде Қабанбай батыр даңғылының Хусейн бен Талал көшесі қиылысынан №31 жобалық атауы бар көшесіне дейін инженерлік желіні салу үшін қозғалысты жабу қажеттілігі туындап отыр. Қазіргі кезде Хусейн бен Талал көшесі бойында қозғалыс шектелді, ал 5 қыркүйектен бастап осы екі қиылыста қозғалысқа толықтай шектеу енгізіледі», - деді С. Мырзағұлов.

Оның айтуынша, аталған жұмыстарды жүргізудің кешеуілдеуі Қабанбай батыр даңғылына түзетулер енгізу жобасы бойынша қорытындыны кешіктіруге және материалдарды жеткізуге тапсырыстың мерзімнен кейін орналастыруына байланысты болып отыр. Бұл жұмыстарды 10 қазанға дейін аяқтау жоспарланған.