Астанада қала аумағын қардан тазарту сенбілігі өтіп жатыр

АСТАНА. Қаңтардың 31-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Астанада су тасқындарының алдын алу мақсатында қала аумағын қардан тазарту сенбілігі өтіп жатыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қалада жекеменшік тұрғын үйлерді қар суының басып кету қаупі бар болғандықтан, сенбіліктер қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың тапсырмасына сәйкес бір ай бойына жүргізілетін болады. Жекеменшік секторлар мен көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен көшелері белгіленген кестеге сәйкес қардан тазартылып, Тілендиев даңғылы бойында орналасқан қар полигонына жеткізіледі», - деді Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Берік Ахметжанов. Су тасқындарының алдын алудың маңыздылығына байланысты қалада қар суын өткізуді ұйымдастыратын Ведомствоаралық комиссия құрылды. Елорда аумағын қардан тазарту жұмыстарымен, иелігінде 257 арнайы техника, 15 сыпыру техникасы, 37 сыпырып-жинайтын, 34 қар жинайтын, 28 тиеуші, 35 жол жиегін тазалайтын және 37 үлкен жүк көтеретін автомашиналары бар «Астана ? тазалық» ЖШС айналысады. Боран мен қар қалың түскен күндері аталмыш техникалар механикалық жұмыс күшінің қосымша жұмылдырылуымен тәулік бойына жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, автокөлік жолдарында көктайғақты болдырмайтын жаңа технология іске қосылды. Астана қаласы әкімдігі өткен жылдарғы тәжірибеге сүйеніп, көлік, жол полициясы, жедел-жәрдем және басқа да жедел әрекет ету қызметтерімен жұмыс кестелерін әзірледі.
Соңғы жаңалықтар