Астанада қала көшелерін жинауға мыңнан астам арнайы техника тартылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада қар жауып, боран болады деп күтілуде. Қаланы механизациялық жинау жұмыстарына 1160 бірлік коммуналдық техника, соның ішінде самосвалдар (498 бірлік), тротуар жинау (97 бірлік) және сыпыру машиналары (117 бірлік) және т.б. техника түрлері тартылды. Жолдар мен тротуарларды тазартуға 2369 жұмыскер жұмылдырылды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері елордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады.
Ертең, 18 қаңтарда күн бұлтты болады, тұман тұрады. Түнде ауа температурасы -22-24°С, күндіз -20-22°С суық болады.
Сейсенбі күні, 19 қаңтарда ауа температурасы төмендейді. Түнде сынап бағанасы -25-27°С, күндіз -15-17°С көрсетеді.
20 қаңтарда елордада жауын-шашын болмайды, оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -18-20°С, күндіз -10-12°С болады.