Астанада қала маңына қатынайтын үш автобус бағдары тоқтатылды
АСТАНА. KAZINFORM — City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, елордада қала маңына қатынайтын 315, 316, 327 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды.
— Ауа райының нашарлауына байланысты сағат 17:30–дан бастап қала маңына қатынайтын 315, 316, 327 автобустарының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Басқа қала маңына қатынайтын бағдарлар линияда, — делінген хабарламада.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, ауа райының нашарлауына байланысты тағы үш өңірде, атап айтқанда Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.