Астанада қала маңына қатынайтын автобустар қайта жүре бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана LRT» ЖШС қала маңына қатынайтын қоғамдық көлік бағдарлары қозғалысының қайта жанданғаны туралы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Астанада қала маңына қатынайтын автобустар қайта жүре бастады

«Құрметті елорда тұрғындары мен қала қонақтары! Қала маңына қатынайтын №302, 303, 304, 306, 307 қоғамдық көлік бағдарларының қозғалысы қайта іске қосылды», - делінген компания хабарламасында.

Еске сала кетейік, кеше кешкісін Астанада қала маңына қатынайтын автобус бағдарлары ауа райына байланысты тоқтап қалған болатын.