Астанада қала маңына қатынайтын автобустар қозғалысы жанданды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы қала маңы автобустарының қозғалысына қойылған шектеу алынды. Бұл жайында «Astana LRT» ЖШС-нің баспасөз хатшысы Науат Азанбаева Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астанада қала маңына қатынайтын автобустар қозғалысы жанданды

Айта кетерлігі, кеше ол ауа райының қолайсыздығына байланысты Астанадан барлық бағыттағы жолдарда көлік құралдарының барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылғанын жазған болатын.

Сонымен қатар ол Астана  маңындағы Ақмол, Тайтөбе, Қабанбай батыр, Қошқарбай ауылы, Аршалы, Жалтыркөл, Максимовка, Воздвиженка елді мекендеріне қатынайтын 300, 302, 308, 309, 311, 315, 316 бағытындағы қала маңы автобустарының қозғалысына шектеу енгізілген.