Астанада қала тұрғындарына берілетін ауыз судың қысымы көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қалада ауыз судың су қысымы көтерілгенін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
Фото: instagram.com/jenis_qasymbek

«Кешеден бастап су қысымы көтерілгенін байқаған боларсыздар. Бұған дейін айтып өткенімдей, 2021 жылдан бастап Астана су қоймасынан су жеткізетін таратқыштың жаңа желісінің және сорғы стансасының құрылысы жүріп жатыр. Кеше сол су таратқышты іске қостық. Бұл желі үйлердегі ауыз судың тиісті қысымын және жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді» деп жазды әкім Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, жаңа сорғы-сүзгі стансасының бірінші кезеңінің құрылысы маусым айының соңына дейін аяқталады.


Сонда қаладағы су тапшылығы мәселесі түбегейлі шешілмек.

Құрылыстың екінші кезеңі тамыз айында тәмам болады. Бұл алдағы 3-4 жылға жететін қосымша қысымды қамтамасыз етеді.

«Сонымен қатар, Нұра жерасты суынан тіршілік нәрін жеткізетін құбырды жобалау және Тельман массивіндегі сорғы стансасының қуатын кеңейту жұмысы аяқталып қалды. Бұл жобалар Астананы алдағы уақытта ауыз сумен қамтамасыз ету үшін қосымша қуат береді» дейді Жеңіс Қасымбек.


Соңғы жаңалықтар