Астанада қалалық даму акселераторы құрылды

«iKomek анықтаған қаланың жүйелі мәселелеріне сүйене отырып, Астана әкімдігі қалалық даму акселераторын құрды. Әзірге акселератор құдықтар, қоғамдық көлік, жасыл көшттерді күту, баспана беру, үйсіз жануарлар сынды қалада жиі туындайтын 19 мәселені қарастырады», - деді Бақыт Сұлтанов МҚІСЖҚІА алқасының кеңейтілген отырысында.
Әкімдіктің iKomek бірыңғай байланыс орталығы арқылы халыққа кеңес беру саны 4 есеге артып, 268,3 мыңнан 824,4 мыңға дейін жеткен.
Астана әкімінің айтуынша, қалалық акселератордың ерекшелігі - барлық мүдделі тұлғалар (меморгандар, қоғамдық бірлестіктер, белсенді тұрғындар, ғалымдар, кәсіпкерлер) тартылады және мәселе 100 күн ішінде шешіледі.
«Сонымен бірге, қазіргі уақытта қалалық қызмет көрсету орталығын ашу мәселесі менің жеке бақылауымда тұр. Бұл орталық та тұрғындардың ақпарат алуы мен сәулет, құрылыс, жер учаскелерін алу саласындағы мемлекеттік қызметтерді тұтынуын жеңілдетеді», - деді Бақыт Сұлтанов.