Астанада қалалық қызметтер орталығы ондаған коммуналдық кәсіпорындарды алмастырады

Бүгінгі таңда елордада 17 әкімдік басқарма, тұтынушыларға қызмет көрсететін 10-нан астам коммуналдық кәсіпорын бар. Олар қаланың әр аймағында орналасқан және тұрғындарға қолайсыздық тудыруда. Сол себепті әкімдікте қалалық қызметтер орталығы, ондаған коммуналдық кәсіпорындар мен мемлекеттік құрылымдардың басын біріктіретін ортақ алаң құруды ойластырды.
Астанада алғаш рет «Астана қаласы әкімдігінің қалалық жедел әрекет және мониторинг орталығы» (iKomek) базасында түрлі қызметтердің басын қоспақ. Бұл орталықта Астана қаласының тұрғындары кез келген қызметті, жергілікті мемлекеттік органдардың, әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің, коммуналдық қызметтердің және даму институттарының кез келген қызметін ала алады.
Орталық шамамен 17 қалалық қоғамдық және коммуналдық мекемелердің 40-қа тарта қызметін біріктіреді. Атап айтқанда, Қала орталығында, мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыру жоспарланған:
- газ беру техникалық шарттары; сумен жабдықтау және су бұру, жылу және электр желілері;
- сәулет және жер қатынастары саласында қызмет көрсету және консультация алуға рұқсат құжаттарын, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту, жер учаскесіне берілген мемлекеттік актіні қайта рәсімдеу,сәулет-жоспарлау тапсырмасын алу;
- консалтингтік қызметтер көрсету, мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес, қаржы институттарының қаржыландыру шарттары, бухгалтерия мәселелері бойынша;
- «Көше саудасы» бағдарламасы бойынша;
- визалық мәселелер бойынша консультациялар, бизнес және инвесторлық санат визалары, инвестициялық келісімшарттар бойынша;
- тұлғаларды тіркеу, жұмыс іздеушілер, шетелдік жұмыс күшіне Қазақстанда болу мерзімін ұзарту және оларды тартуға рұқсат беру, тұрғын үй бойынша есепке алу және кезекке қою.
Орталық «бір терезе» қағидатымен жұмыс жасайды. Орталық бірнеше мекенжайда орналасатын болады. Бұл қала тұрғындарының ыңғайлығы үшін арнайы мекеме қарастырылған алғашқы жоба.
Орталықтың ашылуы әкімшілік кедергілерді төмендетуге, кәсіпкерлерді қолдаудың тиімді жүйесін дамытуға, сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау және мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығына әкеледі.