Астанада қаланың Алматы ауданының мерекелік концерті өтіп жатыр

АНА. Шілденің 6-сы. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Осы минуттарда астаналық әкімдік алдындағы алаңда Алматы ауданының қала күніне арналған мерекелік концерті өтіп жатыр,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оған «Менің үйім, менің көшем, менің қалам» атты әлеуметтік фестивальдің жеңімпаздары, сондай-ақ  мерекелік шараға қатысқысы келетіндер шақырылған. Бұл әлеуметтік жоба қала тұрғындарына болып жатқан жақсылықтарға өздерінің де қатысты екендіктерін сездіруді мақсат етеді. Жобаға бас қаланың ең белсенді тұрғындары қатысуда.

Осыдан бір ай бұрын басталған байқау бойынша - «Ең жақсы көше», «Ең жақсы үй», «Ең жақсы аула», «Ең жақсы бақ» және тағы басқа аталымдардың жеңімпаздары анықталды.

«Бүгін көрермендер «Алматы» ауданының құрылуы жөнінде қысқаша көріністі тамашалайды. Біздің  біржарым сағаттық концертіміз үздік нөмірлерді жинақтады, бұл Астана күніне арналған мерекелік концертіміздің  түйіндемесі», - дейді Астана қаласы, Алматы ауданы әкімінің орынбасары Түсіп Рыспеков.

ҚазАқпарат анықтамасы:  ҚР Президентінің Жарлығы бойынша  1998 жылғы мамырдың 6-сында Астана қаласының Алматы ауданы құрылды.  Ауданның аумағы - 21054 гектарды құрайды. Халқының саны - 263,4 мың адам.

Соңғы жаңалықтар