Астанада қалдықтарды басқару жүйесі жаңғыртылады

АСТАНА. 5 қараша. ҚазАқпарат - Елордада қалдықтарды қайта өңдеу тереңдігін арттыру (50% дейін) мақсатында қолданыстағы қоқыс өңдейтін кешен базасында биогаз қондырғысын енгізу мүмкіндігі қаралуда. Аталған қондырғы органикалық (тағам) қалдықтарды қайта өңдеп, балама энергия көздерін (жылу мен электр энергиясын) алуға жол береді. Бұл туралы аstana.kz сайтына Астана қаласы әкімі аппаратының Өмірді қамту және инфрақұрылымды дамыту бөлімінен хабарлады.
None
None

«2012 жылғы 24 желтоқсан мен 2013 жылғы 1 қараша аралығында қоқыс өңдейтін кешенде (ҚӨК) 149 613 тонна қатты тұрмыстық қалдық қабылданып, 58 996 тоннасы брикеттеліп, 78 236 тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылды. Қайта өңдеу тереңдігі 8,27 % (12 380 тонна ҚТҚ) құрады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгінгі таңда қаланың санитарлық жағдайы мен эстетикалық қалпын қолдау мақсатында апта сайын бекітілген учаскелер бойынша контейнер алаңдары мен контейнерлерді түгендеу жұмысы қолға алынған, ҚТҚ шығару кестесі қайта қаралды, контейнерлер толып кеткен жерлерде рейстер саны ұлғайтылды. Сонымен қатар, көшелердің эстетикалық қалпын сақтау үшін контейнерлер аулалардың ішіне орнатылып жатыр.

Бұдан басқа, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмеге дайындық аясында 2014 жылы Табиғи ресурстар басқармасы коммуналдық қалдықтарды органикалық (тағам) және тұрмыстық (аралас) қалдықтар сынды екі негізгі типі бойынша бөлек жинауды ұйымдастырып, кезең-кезеңмен қолданыстағы металл контейнерлерді пластик контейнерлерге ауыстыруды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар