Астанада қалта ұрыларын ұстау үшін автобустар бейнетіркегіштермен жабдықталуда

«Қылмыстардың 12 пайызына дейін қоғамдық көліктер мен оларға байланысты нысандарда жасалады. Осындай қылмыстардың субъектілері ұйымдасқан қылмыстық топтарға кіретін әккі қылмыскерлер болып табылады. Сонымен бірге қалтаға түсетін осы қылмыскерлердің болмашы бөлігі ғана ұсталып, қылыстық жауапкершілікке тартылған»,-деді Т. Сүлейменов.
Осы орайда ол қоғамдық көліктердің ішін бейнетіркегіштермен жабдықтау шешімі жасалғандығын жеткізді.
«Қазіргі кезде осындай бейнетіркегіштермен 320 автобус жабдықталды, ал 2017 жылға дейін мыңға дейін қоғамдық көлікке орнату жоспарланып отыр. Бүгінде осы жұмыстардың алғашқы нәтижелері байқалды»,-деді Т. Сүлейменов.
Оның сөзіне қарағанда, биылғы 10 айда Астананың құқық қорғау органдарына құқық бұзушылақтар туралы 166 мың хабарлама келіп түсті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі арыздардан 7,7 пайызға артық, яғни ол кезде 155 мың арыз болған еді»,-деді Т. Сүлейменов.