Астанада қамауда отырған есірткіге тәуелділерге арналған сауықтыру орталығы ашылды
АСТАНА. Қарашаның 7-сі. ҚазАқпарат /Дамир Бәйменов/ - №166/10 түзеу мекемесінде қамауда отырған есірткіге тәуелділерге арналған «Жаңа өмір - Астана» сауықтыру орталығы ашылды.
Орталықты қаржыландыруға Еуроодақ 37 мың еуро сомасында қаражат бөлді. Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының жобасы іске асырылды.
Орталық 12 адамға арналған. Онда үйдегідей жағдай жасалған.
Орталықта емдеу жалпы қамаудағылардан оқшауландырылып алты ай бойы жүргізіледі. Аурулар үшін жеке бағдарлама, тамақтану, психологтар мен наркологтардың жұмыстары ұйымдастырылған.