Астанада КамАЗ-дың кесірінен үш көлік апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада КамАЗ жүк көлігі жаппай жол апатын тудырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі елордалық ІІД-ге сілтеме жасап.

Астанада КамАЗ-дың кесірінен үш көлік апатқа ұшырады

«Алдын ала дерек бойынша, КамАЗ маркалы автокөліктің жүргізушісі Сарыкөл көшесімен келе жатып, Қошқарбаев көшесінің қиылысында бағдаршамның қызыл түсіне жүріп кеткен. Салдарынан бірнеше автокөліктің соқтығысуына себепкер болған», - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.

Астана қалалық ІІД баспасөз хатшысы Софья Қылышбекованың айтуынша, жол апатына КамАЗ-дан бөлек, Mercedes-Benz , Toyota және «Газель» көліктері ұшыраған. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Фото: armenia-news.ru