Астанада кәмелеттік жасқа толмаған 35 жасөспірім бас бостандығынан айырылды

АСТАНА. 22 тамыз. ҚазАпарат -  Соңғы төрт жылдың ішінде Астана қаласының кәмелекеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі мамандырылған соты 35 жасөспірімге қатысты бас бостандығынан айыру жазасын қолданды.

Астанада кәмелеттік жасқа толмаған 35 жасөспірім бас бостандығынан айырылды

Жалпы, 2008 жылдан бері сот 323 қылмыстық істі қарап шықты. Ол бойынша 338 жасөспірім жауапқа тартылды. Ал 35-сіне қатысты бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылданды. «Бас бостандығынан айырылған жасөспірімдердің басым бөлігі адам денсаулығына қауіп төндіріп, жарақат салу, соққыға жығып-тонау сияқты қылмыстар үшін сотталды. Олардың ішінде 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылғандар бар», - дейді Астана қаласының кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотының төрайымы Гүлнәр Әбдіғалиева.