Астанада кәмелеттік жасқа жетпеген жасөспірім ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты аса ауыр қылмыс жасаған кәмелеттік жасқа жетпеген А. есімді жасөспірімге қатысты қылмыстық істі қарады.

Астанада кәмелеттік жасқа жетпеген жасөспірім ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталды

«К. есімді азаматпен спирттік ішімдіктерді ішу кезінде араларында ұрыс басталып, соның барысында ұсталған жасөспірім жәбірленушінің басына қысқашпен бірнеше соққы жасаған. Жәбірленуші алған дене жарақаттарынан көз жұмған», - делінген Астана қалалық соты баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сотталушының жасы, өз кінәсін мойындап, істеген қылмысына өкініш білдіргені ескеріліп, оған жалпы режимдегі тәрбие беру колониясында алты жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.