Астанада «Қамқорлық» акциясы аясында 300-ге жуық бүлдіршінге тәтті-дәмділер таратылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада республикалық «Қамқорлық» акциясы аясында тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан 266 балаға тәтті-дәмділер түрінде әлеуметтік көмек көрсетілді. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Балалардың құқықтарын қорғау басқармасынан хабарлады.
«Республикалық «Қамқорлық» акциясы аясында тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан 266 балаға тәтті-дәмділер түрінде әлеуметтік көмек көрсетілді», - деп хабарлады ведомстводан.
Тартулар № 21,№23,№33,№34,№49 және №55 мектептің оқушыларына таратылды.
Айта кетейік, іс-шара елордалық Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы мен «Дар» қайырымдылық қорымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Еске салайық, «Қамқорлық» акциясы мұқтаж балаларға материалдық көмек көрсету мақсатында 10 қаңтар - 10 ақпан аралығында өткізіледі. Акция аясында тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан 3 000 жуық балаға көмек көрсету көзделген.