Астанада «Қаңбақ шал» атты бірінші қазақ балалар операсының премьерасы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 қазан күні Қазақстан астанасында «Қаңбақ шал» балалар операсының концерттік орындалуының премьерасы болып өтеді.

Астанада «Қаңбақ шал» атты бірінші қазақ балалар операсының премьерасы өтеді

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, Балалар филармониясы биылғы жылы бірінші маусымын Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясының базасында, Конгресс Холл сарайының сахнасында өтетін балаларға арналған «Қаңбақ шал» операсымен бастайды.

Қаңбақ шал - қазақ ертегілерінің кейіпкері. Оның жеңіл болғаны соншалық, қойынына тас салмаса, желмен ұшырылып кететін. Сондықтан барлығы оны Қаңбақ шал деп атап кеткен. Бірақ Қаңбақ шал нағыз күш білекте емес, білімде деп есептеді. Оны дәулер мен өтірікші түлкіні жеңіп дәлелдеген.

Кейбіреулер Қаңбақ шалды аналары оқыған ертегілер бойынша есте сақтаса, басқалары бұл кейіпкер ойнаған қуыршақ спектакльдерін тамашалаған, тағы біреулері режиссер А.Әбілқасымовтың мультфильмін көрді. Ал 1979 жылы композитор Жолан Дәстенов бұл сюжетке 1980 жылдары Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрының сахнасында табысты көрсетілген бірінші қазақ балалар операсын жазды.

Жолан (Жолдыбай) Дәстенов (1943-1991) - қазақ мәдениетінің танымал қайраткері. Оның шығармаларының арасында «Мамаев қорғанында» оркестр үшін поэма (1969), виолончель үшін оркестрмен концерт (1970), камералық оркестрге арналған «Тауда» сюитасы (1972), «Абайды еске алу» аспаптық триосы (1972), балет сюитасы (1973) және т.б. бар.

Оның музыкасы - халық шығармашылығын академиялық дәстүрде философиялық ұғыну. Жолан 4 жасынан бастап домбырада ойнаған, қазақ фольклоры оған кішкентай кезінен таныс болды. Оның музыкасында өзге де шығыс мәдениеттері - ұйғыр, тәжік, өзбек сарындары да бар.

Композиторлық және педагогикалық жұмыстан басқа, Жолан Дәстенов Алматыдағы республикалық теледидар студиясындағы музыкалық бағдарламалар редакторы, Қазақ филармониясының лекторы болып, музыка туралы 400-ден астам дәріс оқыған.

Опера қазақ тілінде орындалады, көрсетілімдерге балалар филармониясының кішкентай әртістері қатысады.