Астанада қанша адам тұрғын үй кезегінде тұр

Ауыл тұрғындарына арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы мамырда басталады
Фото: Алина Тулеубаева/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада тұрғын үй кезегінде тұрғандардың саны айтылды.

«Астанада тұрғын үйге кезегінде 40 872 адам тұр. Оның ішінде баспана кезегінде тұрған 2 685 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар. Мемлекеттен берілетін тұрғын үйдің 20% халықтың әлеуметтік осал топқа жатады», - деді Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасарының міндетін атқарушы Бақытжан Жолмұқан мәслихат жанындағы қоғамдық кеңес отырысында. 

Әкімдік өкілінің айтуынша, қазір жетім балаларға 173 пәтер беру жағы қарастырылып жатыр. 

«Өткен жылы жазда тұрғын үйге кезегінде 48 мың адам тұрған, бүгінде 40 мың адамды құрайды», - деп толықтырды өкіл. 

Еске сала кетсек, елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Kazinform агенттігіне берген сұхбатында тұрғын үй мәселесін қозғаған еді. 

Шаһар басшысының айтуынша, соңғы екі жыл ішінде құрылысы ұзаққа созылған 140-тан астам тұрғын үй кешені аяқталды.

Соңғы жаңалықтар