Астанада қанша шетелдік тұрып жатқаны анықталды
«Бүгінде ресми түрде 1 миллион 10 мың адам тіркелген, 205 мың адам уақытша тіркеуде тұр. Біздің есептеулер бойынша, қалада тұрақты негізде кем дегенде 1 миллион 100 мың немесе 1 миллион 150 мың адам тұрады деп айтуға болады. Осы орайда мектептерге, ауруханаларға, қоғамдық көлікке және басқа да салаларға қосымша жүктеме түседі», - деді Исекешев.
Оның сөзіне қарағанда, елордада тұрақты негізде 11 796 шетелдік өмір сүріп жатыр, оның ішінде алыс шетелден - 7 239, ТМД-дан - 4 557.
Әкімнің атап өтуінше, әкімдікте Лондон, Сингапур, Дубай, Әбу-Даби секілді қалаларда қолданылатын тәсілге ұқсас жоспар әзірленіп жатыр. Осы жоспар екі миллион тұрғынды есепке ала отырып, халықаралық стандарпен даярлануда. Оның мақсаты - қоғамдық кеңістіктердің, қажетті жол көліктерінің, мектептердің, ауруханалардың, тұрғын үй кешендерінің, саябақтардың инфрақұрылымын дер кезінде кешенді дамуын қамтамасыз ету.