Астанада қаңтар айында 600-ден астам пәтер пайдалануға берілген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Астанада 600-ден астам пәтер пайдалануға берілді. Бұл туралы қалалық Статистика департаментінен хабарлады, деп жазады елорда әкімдігінің ресми сайтында.

Астанада қаңтар айында 600-ден астам пәтер пайдалануға берілген

«Барлық қаржыландыру көздерінің есебінен жалпы ауданы 94 612 шаршы метрлік 633 пәтер пайдалануға берілді. Бұл 2013 жылғы қаңтар айындағы деңгейден 0,7%-ға төмен. Жекелеген үй құрылысымен айналысушылар жалпы ауданы 6 516 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй салған, бұл 2013 жылғы қаңтар айындағы деңгейімен салыстырғанда - 114,2%. Жалпы іске қосылған тұрғын үйлердегі жеке тұрғын үйдің үлесі 2013 жылғы қаңтардағы деңгейі 6 пайызбен салыстырғанда 6,9 пайызды құрады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, елордада 2014 жылдың алғашқы айында тұрғын үйлердің жалпы ауданының 1 шаршы метрінің орташа нақты құны 144,8 мың теңгені құрады (2013 жылғы қаңтарда 96,2 мың теңге болған). Ал пайдалы ауданының 1 шаршы метр құрылысының орташа нақты құны 203 мың теңгеге жетті (2013 жылғы қаңтарда - 129,1 мың теңге). Оның ішінде жеке салушылармен салынған үйлерде ол 99 мың теңгені құрады.

Сондай-ақ, осы кезеңде тұрғын үй құрылысына 4 912,7 млн. теңге жұмсалды, бұл 2013 жылғы қаңтардағы деңгейіне қатысты 154,5% құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттар үлесі 51,4%-ға жетті.