Астанада қаңтардың 18-нен 19-на қараған түні суға шомылу өтеді
АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Қаңтардың 18-нен 19-на қараған түні «Крещение господне» мерекесіне орай суға шомылу өтеді. Астаналықтар қаланың 2 жерінде белгіленген аумақта - оң жағалауда орналасқан Оқушылар сарайының ауданында («Гранд Астана» ТК) және сол жағалауда орналасқан Орталық қалалық саябақтың жанында суға сүңги алады.
Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.
Қауіпсіздік іс-шараларын сақтау мақсатында белгіленген жерлерде ТЖД-нің арнайы бөлімшелерінің мамандары құтқарушы-сүңгуіршілер, медициналық қызметкерлер кезекшілік етеді.
Астана қаласы ТЖ департаменті қыс мезгілінде шомылу кезінде суда ұзақ уақыт болуға тыйым салынғанын, алкогольдік ішімдік ішіп суға түсуге болмайтынын ескертеді. Өзін қолайсыз сезінген адам суық суға түспес бұрын дәрігердің тексеруінен өтуі тиіс.