18:38, 25 Қараша 2018 | GMT +5
Астанада қар тазалау жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбіге қараған түні Астанадан 23 мың текше метрден астам қар шығарылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Қарашаның 24-нен 25-не қарағанда Астанадан қала сыртына 23058 текше метр қар шығарылды. Санитарлық тазарту жұмыстарына техниканың 950 бірлігі жұмылдырылды», - деп мәлімдеді «Астана Тазалық» ЖШС-де.
Қала сыртына жеткізілген қардың біраз бөлігі Есіл ауданының аумағынан шығарылған - 9 600 текше метр. Алматы ауданы 8 837, Сарыарқа ауданы 2 636, Байқоңыр ауданы 1985 текше метр қардан тазарды.
Қардан тазарту жұмыстары демалыс күндері екендігіне қарамастан Астананың барлық аудандарында тәулік бойы жүргізілуде. Санитарлық шараларға мамандандырылған техниканың барлық бірлігі жұмылдырылған.
Соңғы күндері Астанада ауа райы құбылмалы болып тұр. Елордада толассыз қар жауып, екпінді жел соғуда.