Астанада қар тазалау жұмыстарына 200-ден аса техника жұмылдырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада қар жауды. «Астана Тазалық» ЖШС мәліметінше, қала көшелері мен жолдарын қардан тазалау жұмыстарына бүгін 200-ден аса техника жұмылдырылды. Тротуарлар мен көшелерді қардан тазалау үшін 314 жұмысшы тартылды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Астанада қар тазалау жұмыстарына 200-ден аса техника жұмылдырылды

Ертең, 23 қазанда да күн ала бұлтты, түнде қар жауады және тұман болады деп күтілуде. Солтүстік-батыстан және солтүстіктен соққан желдің жылдамдығы 7-12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -7-9°С, күндіз -2-4°С дейін көтеріледі.