Астанада қар тазалауға 1200-ден астам арнайы техника жұмылдырылды

Елорданың коммуналдық қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеп, қала көшелерін қардан тазартып жатыр, деп хабарлайды Kazinform елорда әкімдігіне сілтеме жасап. 

Астана
Фото: gov.kz

400-ге жуық жол жұмысшысы мен 1200-ден астам арнайы техника көшелерді түнгі уақытта қардан тазартуға жұмылдырылды.

Ең алдымен, ережелерге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс аймақтары тазартылады. Сондай - ақ орташа қозғалыс қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. қардан тазартылады. 

Астана
Фото: gov.kz

6 қаңтар күні Астанада 3131 жүк рейсін құрайтын 50 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Қыс мезгілінің басынан бастап елордада 1 400 000 текше метрден астам қар шығарылды, бұл – 100 мыңға жуық ауыр жүк рейсі.

Астана
Фото: gov.kz

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, Астанада 7 қаңтарда ауыспалы бұлт шығып, кейде қар жауып, боран болады деп болжанады. Оңтүстік - шығыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м / с болады. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 0-2 градус аяз болады деп болжанды.