Астанада қар ұйтқып, боран соғып тұр
АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - Астанада 20 және 21 қаңтарда ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды.
Бұл туралы astana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК хабарлады. Метеорологтардың хабарлауынша, бұл күндері елордада боран болып, оңтүстік-батыстан 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Бүгін, 20 қаңтарда Астанада күн бұлтты, қар жауып тұр, боран. Оңтүстік-батыстан 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғуда. Түнде ауа температурасы -7;-9°C, күндіз -2;-4°C.
21 қаңтарда көшпелі бұлт шығады, аздап қар жауады, боран болады. Батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с жетеді. Түнде және күндіз ауа температурасы -17-19°C.
«22 қаңтарда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -23;-25°C, күндіз -20-22°C болады», - деп болжайды синоптиктер.
Айта кетейік, бүгін Астанада ауа райының бұзылуына орай бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушыларына сабақ өткізілмейді