Астанада қар жауып, боран соғады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 31 қазан күні Астанада ауа райы -4°С дейін төмендеп, қар жауады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Астанада қар жауып, боран соғады

31 қазан күні елордада көшпелі бұлт шығады. Түнде қар жауып, боран соғады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -5-7°С, күндіз -2-4°С.

1 қарашада көшпелі бұлт шығады. Таңертең және күндіз қар жауып, боран соғады. Батыстан соққан желдің қарқыны секундына 9-14 метрді құрайды. Таңертең және күндіз желдің екпіні - 15-20 м/с, ал ауа температурасы түнде -7-9°С, күндіз -1-3°С болады.