Астанада қар жауып тұр (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордамызды қыс өз құрсауынан босатар емес. Қазіргі сәтте Астанада қар жауып тұр.
Қазгидрометтің мәліметіне сүйенсек, елорданың ауа температурасы 0.. -1 градус шамасында. Жапалақтап жауған қардың кей сәттері ҚазАқпарат фототілшісінің назарына ілініп үлгерді.