Астанада қар жауып тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаз мезгіліне бар-жоғы 4 күн қалған уақытта табиғат тосын мінезін танытты. Бүгін түстен кейін Астанада қар жауып тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астанада қар жауып тұр

Астанада жел ұйытқи соғып, артынша қар жауды. Термометрдің көрсеткіші - 6 градус. Айта кетерлігі, Астана қаласы мен Ақмола және Қызылорда облыстары бойынша ескерту жарияланған болатын.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметтері бойынша, 27 мамырда Астана мен Ақмола облысының бірқатар аймақтарында қар мен жаңбыр жауады деп күтілген. Болжам расталды.