Астанада «Қара киімділер 3» фильмінің тұсаукесеріне арналған баспасөз мәслихаты өтеді

АСТАНА. 18 мамыр. ҚазАқпарат - 22 мамыр күні  Астана қаласында Ұлттық баспасөз клубында көркем фильмдердің арасында қазақ тіліне алғашқы болып дубляжданған «Қара киімділер 3» («Men in Black 3») фильмінің тұсаукесеріне арналған баспасөз-конференциясы өткізіледі,

Астанада «Қара киімділер 3» фильмінің тұсаукесеріне арналған баспасөз мәслихаты өтеді

деп хабарлады "Болашақ" қауымдастығының баспасөз қызметі.

Баспасөз мәслихатына «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің төрағасы Бауыржан Байбек, «MARWIN» компаниясының ұлттық жобалар бөлімінің меңгерушісі Низами Мамедов, дубляж режиссері Әйгерім Оңалбек, дубляж актерлері Ержан Түсіп пен Уилл Смиттің кейіпкерін дыбыстаған Азамат Қанапия қатысады.

Фильмнің премьерасы 2012 жылдың 24 мамыры күні еліміздің барлық аймақтарында бір уақытта қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі. Фильмнің әлемдік таныстырлмынан бір күн бұрын, 22 мамыр күні Астана қаласында сағат 18:00-де Қазақстанның зиялы қауымының, іскерлік және саяси топтар өкілдерінің қатысуымен «Қара киімділер 3» фильмінің алдын-ала көрсетілімі өткізіледі.

Жобаны ұйымдастырушылар: «Болашақ» қауымдастығы, «MARWIN» компаниясы, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ.

«Болашақ» қауымдастығы мен «MARWIN» компаниясы үшін «Қара киімділер 3» мемлекеттік тілдің қолданыс аясын арттыру мен голливудтық фильмдерді қазақ тіліне көркемдік дубляждауға бағытталған екінші жоба болмақ. Бұл бағыттағы жұмысқа Walt Disney студиясының 2011 жылы қазақ тіліне дубляжданған «Көліктер («Cars 2») мультфильмі бастамасы болды.