16:01, 25 Тамыз 2017 | GMT +5
Астанада Қарағанды және Жамбыл облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 26-27 тамызда «Қазақстан» СС тұрағы аумағында Қарағанды және Жамбыл облыстарының ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарланды Астананың ресми сайтында .

70-тен астам шатыршаларда 525 тонна ауылшаруашылық өнімдері саудаланады, оның ішінде 77 тонна еттің барлық түрлері, 23 тонна сүт өнімдері, 9 тонна шұжық өнімдері, 10 тонна күріш және қарақұмық жармасы, 20 тонна қант, 371 тонна жеміс-жидектер мен көкөністер.
Жәрмеңкеге фермерлік шаруашылықтар мен өңдеуші кәсіпорындары, атап айтар болсақ, «Қарағанды Осетр» ЖШС, Қарағанды-Нан Корпорациясы» ЖШС, «Нәтиже Сүт Фабрикасы» ЖШС, «Евразиан Фудс» ЖШС, «Бидай нан» ЖШС қатысады.
Шара ұлттық тағамдар фестивалімен жалғасады. Сонымен қатар елорда тұрғындары мен қонақтарына концерттік бағдарлама ұсынылады.