Астанада қарақшылық шабуыл жасаған адам ломбардта қамалып қалды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Кенесары көшесі бойындағы ломбардқа қарақшылық шабуыл жасалды.

Астанада қарақшылық шабуыл жасаған адам ломбардта қамалып қалды (ФОТО)

Астана қаласы Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, белгісіз біреу "М-ломбардқа" баса- көктей кіргеннен кейін ғимараттың дабылы қағылып, есіктер автоматты түрде құлыпталып қалған.

Қазір кезде ломбардқа қарай жолдарды полиция қызметкерлері жауып тастады. Оқиға орнында жедел әрекет ету тобы жұмыс жасауда.

Қарақшылық шабуыл туралы ақпарат таңғы сағат 9 кезінде келіп түскен екен. Сонымен қатар шабуыл жасаған адамның қолында қаруының бар немесе жоқтығы әзірге белгісіз.

Алдын ала ақпарат бойынша ғимаратта қылмыстық әрекетке барған адаммен бірге ломбардтың екі қызметкері қамалып қалды.

null  

null  

null