Астанада қарақшылық ұйымдастырған қылмыстық топ өкілдері Алматы мен Көкшетауда қолға түсті

Оның айтуынша, 21 және 27 жастағы Солтүстік Қазақстан облысының азаматтары қаладағы мекемелер мен фирмаларға қаруланған шабуыл жасап, күзетшіні қорқытып, сейфтегі қаржыларды тонап кетіп
отырған. «Қазіргі аталмыш топ өкілдерінң 3 тонау 1 ұрлық әрекетіне қатыстылығы дәлелденіп, олар келтірген шығын 5 миллион теңгені құрады. Айта кетер мәселе қарақшыларының назарына іліккен мекемелердің барлығы қауіпсіздік шараларынан жұрдай болып шықты. Нақтырақ айтқанда, бұл нысандарда не дыбыс дабылы, не есік терезелерінде темір қоршаулар болмаған. Тексерулер барысында қылмыскерлердің денеге зақым келтіретін «Оса» тапаншасын қолданғандықтары анықталды. Күдікті екі азамат уақытша ұстау оқшаулағышына қамалып, қылмыстық топқа қатысы болуы мүмкін өзге азаматтар іздестірілуде», деді бөлім бастығы.