Астанада «Қараөткел-2012» агроөнеркәсіптік кешені жетістіктерінің дәстүрлі жәрмеңке-көрмесі өтеді

Республикалық деңгейде өздерінің еңбектері мен табыстарын еліміздің жетекші өндірушілері мен ауыл шаруашылық өнімін қайта өңдеушілер ұсынады. Шара ауыл шаруашылығы Министрлігі мен қалалық әкімдіктің ресми қолдауымен «Қазагро» ҰБХ» АҚ еншілес мекемесі «Қазагромаркетинг» АҚ тарапынан ұйымдастырып отыр. Бұл туралы аталмыш мекекменің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Қараөткел-2012» Қазақстанның АӨК жетістіктерінің жәрмеңкесі «Metro» сауда орталығының аумағында 6-шы мәрте меймандарды тоғыстырады. Ауылшаруашылық өндірістің барлық құрамдас бөлігін жәрмеңке-көрменің тақырыбы қамтиды. Соңғы жылдардың жаңашылдықтары әрі нарықты бағындырған өнімдерді жәрмеңке-көрмеге қатысатын компаниялар экспозициялар мен тұсаукесерлерде ұсынады.
Шараға барлық облыстар қатысады. Олар үздік ауылшаруашылық және қайта өңдейтін кәсіпорындармен таныстырады. Экспозияның мақсаты өңірлерде жүзеге асырылған ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасының нәтижесін кешенді түрде паш ету. Еліміздің әр облысының қаржылық, экономикалық, ұлттық және аумақтық ерекшеліктері назарға ұсынылмақ.
Ұйымдастырушылар жәрмеңкеге 300 кәсіпорын қатысатынына сенім артып отыр.
Ұйымдастырушылар меймандар үшін мамандырылған семинарлар мен тұсаукесерлер ұйымдастырып отыр.
Жәрмеңке-көрменің алдында шілденің 19-ына жоспарланған «Мал шаруашылығы Қазақстан Республикасы АӨК дамуының тың бағыты» тақырыбында конференция «Аққу» қонақ үйінде өтеді.
Жиында еліміздегі мал шаруашылығының тынысы талқыланып, Мүйізді ірі қара етінің экспорттық әлуетін дамыту Бағдарламасының жүзеге асыру барысы бойынша аралық қорытынды шығарылады. Оған ҚР ауыл шаруашылығы Министрлігінің, «ҚазАгро»ҰБХ» АҚ өкілдері, асыл тұқымды шаруашылықтардың, тұқымды қауымдастықтардың жетекшілері, халықаралық сарапшылар, кәсіпкерлік өкілдері қатысады.