Астанада Қараөткел көпіріне баратын жол үш күнге жабылады
АСТАНА. KAZINFORM — Астана әкімдігі жөндеу жұмысына байланысты тағы бір жол жабылатынын ескертті.
Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қалқаман көшесінен Қараөткел көпіріне дейінгі жолдың үстіңгі қабатын салу жұмысы жүргізілетінін хабарлайды.

Осыған байланысты 26-29 тамыз аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылатын болады.
Бұл ретте автокөлік қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта да жүзеге аса береді.
«Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс болмас үшін өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмысын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз» деп ескертеді әкімдіктен.