Астанада карате-до киокушинкайдан халықаралық турнир өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - "Каратэ-до киокушинкай" республикалық федерациясының Астана филиалы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай балалар, жасөспiрiмдер мен қыздар арасында халықаралық ашық турнир ұйымдастырады.
None
None

Турнирдiң ресми ашылуы 2015 жылдың 25 қазанында "Дәулет" спорт кешенінде болады. Халықаралық турнирге Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Германия және Болгария спортшылары қатысады. Сонымен қоса, турнирге Қазақстандағы шинкиокушинкай жас жұлдызы, 80 кг салмақта киокушинкай каратэ бойынша Еуропа чемпионы Мерей Сүйiнов қатысады. Мерей Хабаровскте 3-4 қазанда өткен карате-до киокушинкай бойынша әлем чемпионы атанды.

Естеріңiзге сала кетейік, Францияда өткен Еуропа чемпионатында қазақстандық құрама 8 алтын медаль иемденген болатын.

Соңғы жаңалықтар