Астанада каратэ-до шито-рюден Қазақстан Республикасының біріншілігі өтеді

АСТАНА. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 2008 жылғы қаңтардың 10-11 күндері Астанада 15 жасқа дейінгі спортшылар арасында каратэ-до шито-рюден Қазақстан Республикасының біріншілігі өтеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Каратэ-доның осы түрінен ең үздік атану және ұлттық құраманың мүшесі болу үшін еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ден астам спортшы жиналып, бақ таластыратын болады. Біріншілікке каратэ-до шито-рюдің негізін қалаушы саналатын ел ? Жапониядан шеберлер қатысып, Қазақстанға арнайы ат басын тіреген Бүкілжапондық Шитокай каратэ-до федерациясы директорының орынбасары Нодзава Юкихиро шеберлік сабақтарын беретін болады. Айта кетерлігі, қазақстандық спортшылар өткен жылғы қарашаның 13-16 аралығында Токиода каратэ-додан өткен ХІХ Әлем чемпионатына қатысып, ұлттық құрамамыз жүзге жуық елдің арасында 13-ші орынды иеленген болатын.
Соңғы жаңалықтар